Алматы облысында үлкен логистикалық парк пен құрлық порты іске қосылуы мүмкін. Бұл нысан тек логистикалық сектордың ғана емес, өңір бизнесінің де дамуына септігін тигізеді. Жобаны жүк тасымалы бойынша әлемдегі №1 порт - Шаньдун порт корпорациясы жүзеге асырмақ. Арнайы делегация бүгін Алматыға келді. Елімізде жүктерді жеткізудің жаңа баламалы бағыттарын енгізу және транзиттік тасымалды ұлғайту үшін бондтық қоймаларының үлгісін әзірлеу жоспарлануда.Айдын БАЙЕДІЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: SPG серіктесіміз ретінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық қалыптасатынына сенемін және біз өз тарапымыздан бар жағдайды жасаймыз. Әлемдегі №1 порт тобынан smart инвестициялар күтеміз. Логистикалық тасымалдаудың тиімділігін арттыру үшін қытайлық және қазақстандық тараптардың инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызын атап өткен жөн. Қытайлық делегация Астана мен Ақтауда да келіссөздер жүргізеді. Екі ел арасындағы келісім логистикалық тасымалдаудың тиімділігін жақсартып, тараптардың инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін арттыруға зор үлес қоспақ. Ерлан ҚОЙШЫБАЕВ, ҚТЖ ЛОГИСТИКА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін меморандумға қол қойылды. Ол меморандумда біздің қай бағытта қарым-қатынас істеуге жоспарлап жатқанымызды жазып өттік. Олар дүниежүзіндегі ең көп жүк тасымалдайтын, қызмет ететін порттар. 1,6 млрд тонна жүк тасымалдайды. Олардың цифрлық тәжірбиесі және де логистикалық трейдинг тәжірбиелері өте жоғары.

Алматы облысында үлкен логистикалық парк пен құрлық порты іске қосылуы мүмкін
Жаңалықтар


































