Алматы облысында қатты отынмен жағылатын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен бірнеше адам газдан уланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.ҚР ТЖМ мәліметінше, 25 ақпанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылындағы жеке тұрғын үйде пештен ақау шығып, 1974 жылғы үй йесі және оның 2009 және 2010 жылдары туған қыздары газдан уланған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды. ТЖМ қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.