Алматы облысында ұшқыр бәйгеден турнир ұйымдастырылды

Алматы облысында таза қанды жылқылардың бәйгесі өтті. Жүйріктер мың метрден бастап екі мың метрге дейінгі қашықтықта шапты. Одан бөлек қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар ұйымдастырылды. Ал турнирдің жүлде қоры 18 миллион теңгеге жуықтайды.Бәйгеге әр өңірден 40-тан астам ең жүйрік деген жылқылар әкелінді. Сәйгүліктер сайысын Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. Ұлттық спорт десе делебесі қозатын тұрғындар жиналды. Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу ол біздің үлкен мақсаттардың бірі. Сол себептен әр өңірде әр ауданда, әр ауылда осы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кейін ұлттық спортты насихаттау соның жұмысын біз былтырдан бастап істеп жатырмыз. Бұл жолғы бәсекенің жөні бөлек. Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылатын ұшқыр бәйге деп аталады. Исламбек САЛЖАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің өзіміздің мықты-мықты шабандоздар өсіп келе жатыр. Енді қазір бүкіл әлем қазақ елін танып жатыр. Ұлттық спортты біз басқа бір дәрежеге көтеру керекпіз. Шабандоздар 1800 метр қашықтықта шапты. Ұшқыр аталуының сыры осында. Қысқа ғана межені қаз қағым сәтті бағындыруы тиіс. Сондықтан сайысқа ең жүйрік жылқы мен тәжірибелі шабандоздар қатысты. «Министр» деп аталатын сәйгүлік жүзден жүйрік болып, мәре сызығын бірінші кесті. Әділет РЫСБЕКОВ, ШАБАНДОЗ: Мынау қазіргі ұтқан жылқымен 5 ай дайындалдық қой, қыстан бері. Жылқы 3 жаста. Мен өзім 11 жыл болды атпен айналысып келе жатқаныма. Қуаныш болып тұр, қуанып тұрмын. Көрермендер мен шетелдік қонақтардың назарына тартысты бәйгеден бөлек қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлері және «ұлттық киім» сайысы ұйымдастырылды. Барлық жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Талғарға жаңа әкім сайланды
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Солтүстік Қазақстан тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен