Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 4 мамырда Қарасай ауданына қарасты Коляшы ауылында бір отбасының улану себебін анықтаған сараптама қорытындысын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Алматы облысы бойынша ДСЭК хабарлағандай, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер мен өлшеулер нәтижелері бойынша тұрғын үйдің ауасынан 1,1-1,3 миллиграмм шамасында көмірқышқыл газының іздері табылған. "Уланғандардың қанынан карбоксигемоглобин табылды, бұл көмірқышқыл газымен уланғанын көрсетеді. Сараптама қорытындысы мен зертханалық мәліметтер бойынша көмірқышқыл газының улы әсері деген диагноз қойылды", – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері.Мамандар көміртегі тотығы гемоглобинмен оңай әрекеттесіп, карбоксигемоглобин түзетінін, оттегін ұлпаларға тасымалдай алмайтынын атап өтті.