Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Жалаңаш ауылының атауы өзгеруі мүмкін.«Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылының атауы Жалағаш болып аталсын. Осы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахымға жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған шешім-жобасында. Құжат 22 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.