Алматы облысындағы мектептердің бірінде оқушыларға мерзімі 2 жыл бұрын өткен йогурт таратылған

Алматы облысындағы мектептердің бірінің асханасында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурт таратылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Онда ата-аналардың бірі балаларға мерзімі өткен йогурт таратылғанын айтқан. "Мемлекет есебінен тегін тамақтандырылатын мектеп асханасында бастауыш сынып оқушыларына мерзімі екі жыл бұрын өткен йогурттар таратылған. Қаптамада жарамдылық мерзімі 2021 жыл деп көрсетілген. Мерзімі өткен сүт өнімдері өте қауіпті, бұдан балалар жарақат алып немесе улануы мүмкін. Мұндай өнім мектепке қалай жеткізілген? Бұған жауапты адам қалай жол берген?" - деп жазған Желі қолданушылары. Мектеп әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар мердігермен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін және мектепте күнделікті тамақтануға бақылау енгізіліп жатқанын айтты."5 регион" басылымының мәліметінше, Қарасай аудандық білім басқармасы Ораз Жандосов орта мектебінің асханасындағы жағдай тексерілгенін мәлімдеді."Тексеру қорытындысы бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі толтырылды. "Растишка" сүзбешесі, "Айналайын" сүт өнімінің де мерзімі өткені анықталып, қолдануға тыйым салынды. Мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жеке кәсіпкерге хабарлама жіберіліп, асхана жұмысы қатаң бақылауға алынды", - деп хабарлады Қарасай аудандық білім басқармасы өкілдері. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Атырауда үйдің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылды
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Петропавлда өз пәтерінде қамалып қалған зейнеткер құтқарылды
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды