Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Батыр бабалары" мемориал кешенінде бірегей жәдігер сақтаулы. Бұл - Кенесары ханның қарындасы әрі қаруласы, ержүрек жауынгер Бопай ханымның қылыштары. Жуырда жәдігер қалың жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Мемориалдық кешен қоры жыл сайын құнды жәдігерлермен толығып отырады. Әскери тақырыпқа үлкен мән беріледі. Ұзындығы бір метрге жуық Бопай ханымның бірегей қылышын Айдар Тастеміров мұражайға тапсырған. Құнды жәдігердің бірі - Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымның қылышы. Қару 1845 жылы Санкт-Петербургте Николай Вильгельм Шафпен мен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған, - дейді мұражай меңгерушісі Орынбасар Әлім. Тарихта өшпес із қалдырған қолбасшы әйел 600 сарбаздан тұратын отрядты басқарды. Кенесары хан өз қарындасын жоғары бағалап, жаужүрек ханшайым шайқастарға қатысқан."Бізге жеткен деректерге қарағанда, ол Кенесары әскерін қамтамасыз етуге де жауапты болған, садақа жинап, Кенесары құрған хандықтың ішкі және сыртқы саясатына белсене араласқан. Бопайдың әділдік сезімі биік, ержүрек, халқын шын сүйетін", - дейді Байжанов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Жанерке Баймолдина.