Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.Ведомствоның мәліметінше, 5 пен 8-ші желтоқсан аралығында Алматы облысының тауларында көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай ТЖД туристер мен демалушыларды қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауға шақырды. «Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауы мен жаңбыр және қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - хабарлады ТЖД-да.