"Қара жолға зар болдық". Алматы облысы Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының тұрғындары осылай дейді. Жаңбыр жауса көшелер суға толып, көл болады, ал жазда айнала көкала шаң. Мәселені талай мәрте көтерген. Бірақ, нәтиже шығар емес. Редакциямызға хабарласқан тұрғындармен тілшіміз тілдесті.Жолдың жыры бітер емес. Тұрғындар талай табалдырықты тоздырған. Астаң-кестеңі шыққан көшелермен жүру қиын. Жаяу адам жүрмек түгілі көлікпен өту мүмкін емес. Клара НҰРҒАЛИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Машинамен жүру үшін мына кішкентай отрезокты выбиратьтап Алматинскийға былай асфальт көшеге шығамыз. Мынаның жоғары жағымен де жүре алмаймыз машинамен, былай да жүре алмаймыз. Ал енді көктемде батпақ болған кезде вобще үйден шықпай отырамыз. Ойдым-ойдым жол жұрттың зәресін алады. Бас ауырып, балтыр сыздаса жедел жәрдем шақыру да мұң. Бар қиындықты көріп отырған-халық. Ал жауаптылардан нақты шешім жоқ. Рахима МОЛДАҒАЛИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Вертолет келмесе скорый кіре алмайды. Ой - шұңқырда мына жаңбырда әсіресе. Анада көршілеріміз барсақ енді сендер Талғарға өтіп кеттіңдер мына бөлік, Талғарға өтіп кеттіңдер Талғарға барыңдар дейді. Вобщем бізді футболит етіп жатыр нестиміз? Әкімдіктегілердің сөзінше, 2024 жылдың наурыз айынан бастап Кеңдала ауылының бірнеше көшесі қалаға енген. Бұл шаһар аумағын кеңейту мақсатында жүзеге асырылыпты. Бақыт КҮРІШБЕКОВ, ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:Біздің аумағымыз кеңейтілді 3200 гектарға дейін, сол кезде жаңағы бас жоспар бойынша, кеңейтілу бойынша осы Кеңдала ауылының біраз көшелері бізге кірді. Біз осы жұмыстарды Кеңдала ауылдық округінен қабылдап, ары қарай өз тарапымыздан ауданға бюджеттік өтінім береміз. Бюджеттік өтінімді қолдаған жағдайда, ары қарай асфальттау жүргізілетін болады. Яңни, Кеңдала ауыл емес, қала боп шықты. Жұрт жолды жөндейміз деген әкімнің уәдесін алып тарады.