Алматы облысының тұрғындары қақаған қыста жылусыз, жарықсыз қалды

Қыстың нағыз қытымыр аязында Алматы облысындағы Айғаным ауылының тұрғындары жылусыз қалды. Бұл жағдай үшінші жыл қатарынан қайталанып отыр. Жарықтың жоқтығы да жұрттың жүйкесін жұқартты.Қылышын сүйреп келген қысқа Айғаным ауылындағы газ жүйесі төтеп бере алмады. 100-ден аса тұрғын тоңып отыр. Жұлдызай ҚҰСАЙЫНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Аяз басталғалы бері тамақ жасаймыз, шәй жасаймыз проблемасы былай тұрсын, үй жылымай жатыр. Үй мүлдем жылымайды, неше көрпе киіп, бірнеше қабат киім киіп қыстық киіммен жүр үйде балаларымыз. Шағымданбаған жеріміз жоқ. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ауыл тұрғындары газ құбырын орнату оңай болмағанын айтып жеке компанияға шағымданды. Олардың айтуынша жыл сайын қыс мезгілінде газдың қысымы төмен болады екен. Амалсыздан көмір жағып, тоқ пештер пайдаланып отыр. Оған қоса жарықта жиі өшіп, жығылғанға жұдырық болып тұр. Айымқыз ЗЕМБИЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Тұрғанымызға бірталай жыл болды, бірақ газды кіргізгенімізге осы ноябрьдің аяғында кіргізгенбіз. Бір апта ғана жанды. Бар тапқан таянғанымзды шалысыз екеуміз кредитке алып, газды кіргіздік. Бір апта жанды да давление жоқ, өшті де қалды. Енді пенсионер адам газ кіргізіп, жылынып, енді рахатын көреміз деп жатқанда қайтадан сол пешпен алысып жатырмыз. Айгүл Келтаева, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Дәл менің үйімде газды қосқаныма 3 жарым жыл болды, соның үш жылында мендегі жағдай мәселе күн суыта бастағаннан бастап газ қысымы көтерілмейді, мүлдем напор жоқ. Жылытатын пешті алып соны қосып отырмыз, оны қоссақ автоматымыз өшеді. Светіміз де сондай, күні кешке дейін кеше свет 4 рет өшті. Газға тікелей жауапты адамдарға шықсақ біз жауап бермейміз, бізге ШГРП қойу керек, шкафтар қоау керек дейді. Енді соны күн суытпай, күн жылы кезде неге солай қамданбайды. Газға жекеменшік компания мәселені назарға алып бір аптада қосымша жылу тарату шкафтарын орнататынын жеткізді. Бұған дейін қаржы қарастырылмапты. Құралай ШАРАПЕЕВА, «АРАЗ ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Бүкіл ШГРП-лар норма емес, нормадан жоғары тұр. Шеткі үйлерге жетпей жатыр. Шеткі автомобилистті дача ретінде біз кезінде қоспайтынбыз дегенбіз. Ал ол адамдар шулап тура жанымызда өтіп тұрған газды біз неге ала алмаймыз деп ол жерге қостық. Енді ол жерге шгрп апаруымыз керек 1 жетіде, сол кезде шешілкді бұл әңгіме. Бұған дейін финансирование болған жоқ, жаңа ғана финансирование келді. Ауылдық округ әкімінің сөзіне сенсек, газ құбырларындағы ақауға елді мекенде құрылыс пен үйлер көбейгені әсер еткен. Әкімдік тарапынан тек рұқсат қағазына қол қою жұмыстары ғана жүргізілетінін жеткізді. Нұрбол ЕСЕМБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қазір ШРП бәрін тексеріп шықты давлениелері максимально көтеріп қойды. Техниктердің бәрі шақырылыды. Қазір тағы да максимально көріп шығамыз қалай болатынын. Енді бұл кісілердің 3 жылдай 2 жылдан артық болып көтерілген вопростары. Енді маған бір ай бұрын келді шындығын айтқанда, қазіргі таңда енді сол бойынша рұқсат қағаздарын дайындау бойынша жұмыс атқарамыз. Саршұнақ аязда үйлерінде бүрсең қағып отырған тұрғындар тағы бір апта шыдауы қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жыл қандай болмақ?
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті