Алматы облысының тұрғынының үйінен арыстанның 5 айлық екі абданы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.Өңірлік полиция депатраменті өкілдерінің мәлімдеуінше, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда арыстанның 5 айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылғы азаматты әшкереледі. "Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді",-дейді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан АленовПолиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі. "Бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", – дейді полиция қызметкерлері.