«Алматы-Өскемен» тасжолының Шығыс Қазақстан облысындағы аумағында жол апатынан 1 адам мерт болды.Жол-көлік оқиғасы 9 қараша күні «Алматы-Өскемен» тасжолының 1075-шақырымында болған. «Зил» және «ВАЗ-2114» көліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. «Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Осы ретте, полицейлер көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, өздерінің және жақындарының қауіпсіздігін ойлауды ескертті.