«Алматы-Петропавл» пойызында қыз баланы зорламақ болды

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Еркін Жантурин жолаушылар пойызында қызды қорламақ болған ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.10 ақпанда сағат 18.00 шамасында «Алматы-Петропавл» бағыты бойынша жолаушылар пойызында кезекті іс-сапардан оралған майор Еркін Жантурин көршілес купеден көмекке шақырған қыздың айқайын естіді. Дыбыс шыққан купеге жақындағанда біреудің купенің ішінде есікті әдейілеп жауып тұрғанын байқайды. Есікті күшпен ашқанында бұрышта үрейленіп отырған қызды көреді. Ол қыз баланы қорлауға тырысқан. Офицер ер адамды ұстап алды. Қыздың айтуы бойынша, бір купеде келе жатқан ер адам оған таныс емес екен. «Сарышаған» станциясындағы аялдамадан оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. «Оқиға кешкі уақытта болды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым», - деді майор Еркін Жантурин. Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды