Алматы полициясы қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полицияның саны ұлғайтылып, учаскелік инспекторларының тұрғын үйлерді аралауы ұйымдастырылды. «Көлік өткізуді қамтамасыз ету және кептелістерді болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары көлік қозғалысын қолмен реттеуге көшті. Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды үйлерінің есігін кілттеп жабуға шақырады», - деп хабарлады департаменттен.