Алматы прокуратурасы жер сілкінгенде сейсмикалық ескерту берілмегені үшін қылмыстық іс қозғады

Алматы прокуратурасы қаңтарда сейсмикалық ескерту жүйесі қосылмағаны бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу абайсыздық бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Айта кетері, ескерту жүйесіне миллиард теңгеден астам ақша бөлінген.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 23 қаңтар мен 4 наурызда Алматыда жер сілкінді. Қатты шошынған халық ескерту жүйесінің жұмыс істемегеніне наразылық білдірді. Президент те жер сілкінісіне дайын жоқ болғанын сынап, тексеру жүргізуді тапсырды. “Алматы қалалық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі "Абайсыздық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы қаласының арнайы прокурорлар басқармасы жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді”, – деді Алматы қалалық прокуратурасының аға прокуроры Райымбек Шәрібаев."Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері де өз бетінше тексеру жүргізіп жатыр. Ескерту жүйесі бюджетке бір миллиард теңгеден астам шығын әкелген. Қоғам белсенділері бұл сома дұрыс жұмсалмағанын айтады.“Мердігердің айтуынша, бір швейцариялық сейсмикалық датчик құны 11 миллион теңгеден сәл асады, оған қоса шағын серверлік қорап, коммуникациялық құрал-жабдықтар шамамен 2-3 миллион. Құрылысқа 7-9 миллион кетті делік. Болжамымыз бойынша оның құны 20 миллионнан аспайды. Дегенмен құжат бойынша 40 миллион делінген”, – деп мәлімдеді "Әділдік жолы" РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов.Қоғам белсенділері ішкі мемлекеттік аудит департаментінен ақшаның не үшін жұмсалғаны туралы есеп беруді сұрап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиададан кейін шымкенттік балалардың дзюдоға қызығушылығы едәуір артқан 
Қуат Хамитов ресейлік файтермен жұдырықтасудан бас тартты
Балқаш көліне 4 млрд текше метр артық су жіберілді
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?
S.O.S: Астанада қазіргі күннің үлкен проблемасы туралы драма сахналанды
Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Ардақ Назаров «арақ ішпеуге» ұсыныс жасаған Түркістанда жаңа жылға бюджеттен қаржы бөлінбеді