8 наурыз мерекесі қарсаңында Алматының бірқатар аудандарында көшеде гүл сатушылардың саудасы қызу жүрген. Мерекеден кейін желіде гүл сатушылардан кейін қалған қоқыс үйінділеріне толы көшелердің видеосы тарады,-деп хабарлайды Tengrinews. “Саудаларын жасап, ақшаларын тауып, арттарын шашып кеткені дұрыс емес. Оны қарапайым көше тазалаушылар жинайды. Менің ойымша бұл мүлдем дұрыс емес”- дейді автор. Саин көшесіндегі уақытша саудаға қатысты жұртшылықтың наразылығына Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі түсінік берді. “Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стихиялық сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылғы 6, 7 және 8 наурызда Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезеңінде уақытша сауда орындарын бекіткенін хабарлайды. Сонымен қатар, 9 наурызда уақытша сауда орындарында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, аталған ескертулер жойылды. Өз тарапымыздан тұрғындарды қоқыс тастамауға және қаламызды таза ұстауға шақырамыз”- деп хабарлады Алатау ауданының әкімдігі.