Алматы тұрғындары сегіз ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты

Алматы тұрғындары сегіз ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты. Ерекше жәрмеңкені «AMANAT» партиясы ұйымдастырды. Мегаполис тұрғындары тағамнан дәм татып қана қоймай, оның шығу тарихын біліп, әр халықтың мәдениеті мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды. Ал мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін аманаттықтар концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар ұйымдастырды.Асылы ОСМАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Тағамды дайындауы, әкелуі, қоюлары, барлығы өз ынта, ықылас-ниеттерімен. Мұның барлығы бізді бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа, түсіністікке баулитын дүние болып отыр. Сондықтан мен мұндай іс-шараларды ерекше бағалаймын. Мұндай шаралардың көп болғаны жақсы. Жәрмеңкені партиялықтар мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинау мақсатында ұйымдастырды. Сондықтан алматылықтар барлық тағамдарды ең төменгі бағамен сатып алды. Жиналған сомаға ұйымдастырушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға киім-кешек, төсек-орын жабдықтары және тұрмыстық заттар сатып алуды жоспарлап отыр. Әйгерім МҰСТАФАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аудандық филиалдар әр түрлі ұлтты көрсетіп, солардың тамақтарын әкелді. Енді соны біз 50 теңгеден 250 теңге шамасында сатып, «Тағдыр» деген балаларға арналаған ұйымға бүкіл жиналған ақшаны жібермекшіміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Барлық жағдайға байыппен қараймын»: Черчесов орнынан кетуі мүмкін
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті: 14 желтоқсан 2024, 14:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды