Алматыда жас жігіт көліктерден мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, кейін оны иесіне ақы төлеген жағдайда ғана қайтарып жүрген.«Жеңіл жолмен «табыс табу» әдісін ойлап тапқан. Түнде ол тұрақта тұрған көліктердің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, көліктің айнасына ұрланған нөмірді қайтарып алу үшін өтемақы төлеу шарты жазылған жазуды қалдырып кеткен. Содан кейін жас жігіт нөмірлік белгі жасырылған мекенжайды хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. 21 жастағы А. есімді азамат, осыған ұқсас тағы 5 ұрлық жасағанын мойындады. Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.