Алматыда жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге өтініш бергендер қыстан бері сенделіп жүр

Алматыда жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге өтініш бергендер қыстан бері сенделіп жүр. Айтуларынша, конкурс нәтижесі әлі шықпаған. Жауаптылар әне-мінемен уақыт созып жүрген көрінеді. Пәтерлерді жалдау ақысы 5 мың мен 15 мың теңге шамасында. Сондықтан жастар уақытша болса да тұрғысы келеді. Өйткені мұнда тұрақтаған 3 жылда үй сатып алуға алғашқы жарна жинауға үлкен мүмкіндік дейді. Бұл жолы 2000-нан аса жас өтініш берген. Бірақ, әлі күнге дейін тізім шықпаған. Сабина ЖҰБАНЫШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Конкурстан кейін алты ай өтті. Әлі де жауап жоқ.Әр айдың соңын нақты міне осы айда нақты шығады деп сендіріп келе жатқанына алты ай болды. Әр звондағанда әртүрлі жауап айтады. Біріншісі үй дайын емес дейді. Екіншісі себебі жаңа өзгерістер енгізіліп жатыр сондықтан бере алмай жатырмыз дейді. Нұрбол ЖАЙХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Шешім әлі шықпай жатыр. Оқу жылы жақындап келе жатыр, мектептер без прописка қабылдамайды. Балаларымызды қай мектепке берерімізді білмей жатырмыз. Бәрі квартирада жүр. Документ өткізгенде үш балалы едік, қазір төрт балалы болып кеттік, шешім шығады дегенше Ал тұрғын үй басқармасының өкілдері тізім осы маусымда шығады дейді. Сосын пәтерлердің кілті беріледі. Дулат АШКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:2023 жылы желтоқсан айында жұмыссыз жастарға арналған жалдамалы пәтерлер программасы бойынша конкурс өткізілді. Нақты кезеңде 2100 пәтер конкурсқа қатысушыларға арналған пәтер біздің управление балансына қабылдануда. Қабылданып болғаннан кейін біздің жоспарымыз бойынша осы айдың аяғына таман конкурс нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынамыз. Жауаптының бұл жауабы жастардың көңілінен шықты. Енді олар сол күнді күтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов болашақ жарына қоятын талаптарын айтты
Бәрі бітті: Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі сәтсіздік туралы айтты
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты