Алматыда 1300 полиция қызметкері мен құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсету әдісін үйренді

Алматыда полиция және өрт сөндіру қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тегін оқыту басталады. «Алтын сағат» алғашқы медициналық көмек мектебі» деп аталатын курстың мақсаты – қиын жағдайларда алғашқы болып көмекке келушілердің дайындығын жетілдіру. Медицинада "Алтын сағат" ережесі бар. Ол -қандай да бір оқиға болған кезде 1 сағаттың ішінде зардап шегушіге көмек көрсету мүмкіндігі. Алғашқы көмек көрсету курсына 1300 полиция қызметкері мен құтқарушы қатысуда. Светлана СҰЛТАНҒАЗИЕВА, С.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:  Былтырғы жылы біздің Алматы қаласында ғана өте көп әртүрлі ДТП болған. 1900-ден аса адам әртүрлі жарақат алған. Сондай кездерде не істеу керек дәрігерлік көмек келгенше не істеу керек, соның бәрін үйретіп шығамыз. 28 жастағы Ерсін КҮЗЕМБАЙ 4 жылдан бері құтқарушы қызметін атқарып келеді. Осыған дейін 200-ден аса өрт оқиғасына қатысқан. Ол құтқарушылар үшін алғашқы медициналық көмек көрсетуді білу ауадай қажет екенін айтады. Ерсін КҮЗЕМБАЙ, №8 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  Жаңа медицина қызметкерлері айтып жатыр, бірінші сағат алтын сағат деп. Сол сағатты, минутты даже дұрыс пайдалануға сондай не алып жатырмыз. Бүгін қазіргі жаңағы ашық қол жарақаты, аяқ жарақаты, газ түтінінен уланған жағдайдағы адамға алғашқы дем жаттығуын көрсету және де сынған аяқ, сынған қол жағдайында қандай неде орау керек сол жайында мағлұмат алдық. Жас маман Александр медициналық алғашқы көмек көрсетуді тек төтенше жағдай қызметкерлері емес, әрбір азамат білуі тиіс деп есептейді. Александр ВОЛОБОЕВ, №8 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  Бүгін бізге құтқару кезінде жедел-жәрдем келгенше ең бірінші не істеу керектігін түсіндірді. Не дегемен де ол жерге біз бірінші барамыз ғой. Сондықтан алғашқы медициналық көмек көрсетуді біз білуге тиіспіз. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жалпы алғанда есті жоғалту, тыныс алу мен қан айналымын тоқтау, сыртқы қан кету, жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде заттар, дененің әртүрлі аймақтарының жарақаттары бойынша алғашқы көмек түрлерін үйренді. Оқыту жұмыстарын халықаралық ұйымдарда, АҚШ және Ресейде білім алған тренерлер, яғни үлкен клиникалық және педагогикалық тәжірибесі бар білікті дәрігерлер өткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда
Тұман және шаңды дауыл: 24 қарашаға ауа райы болжамы
Қазақстандық жас ғалымдардың I Конгресі өтті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“
24 қараша - әскери-ғылыми қызметкер және педагог күні
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті