Алматыда 19 адамға 7 жыл айлық жазып, 79 млн «жеп қойған» емхана қызметкерлері сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында емхана қызметкерлеріне қатысты аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады BAQ.KZ.Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015-2022 жыл аралығында емхананың бас дәрігері К. бас есепші Н. және кадр бөлімінің инспекторы С.-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатып, іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен. Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақы жіберіліп отырған. Қылмыстық әрекетке барғандардың бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. К., С., Н. құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн теңгеден астам шығын келтірді. Залалды өтеу шараларын ескере отырып, екі тұлға 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. С.-ға 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды, Н. 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сот бас дәрігер К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ол орта қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, - делінген сот үкімінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды