Алматыда 19-қабаттан секіріп кеткен қыз туралы тың дерек белгілі болды

Алматыда 23 жастағы қыз 19-қабаттан секіріп кетті. Бойжеткеннің өлімін полиция тергеп жатыр. Көп қабатты тұрғын үй кешеніне қыздың қалай келгені, балконға қалай көтерілгені бақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.Телеарна мәліметінше, төменге құлаған ару қара аяқ киімін, көк оттығы мен телефонын қалдырған. Ол сағат 13:50 шамасында тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан секірген. Оқиға орнына полиция он минутта жеткен. Мәйіт жатқан жерге құм сеуіп тастаған. Ал бақылау камерасына жауапты мамандардың айтуынша, марқұм Брусловский көшесі жағынан келіп, есіктегі құпия сөзді жазып, ары қарай жеделсатымен жоғары көтерілген."Жеделсатыдағы камераны да қарап шықтық. Жалғыз өзі көтерілген. Дәлізге қалай кіргенінен бастап бәрі анық көрінеді. Бұл үйдің тұрғыны ма, әлде сырттан келген бе, ол жағын білмедік", - дейді бақылау камерасына жауапты маман Тахир Шынболатов.Тергеуге байланысты бақылау камерасының видеосын көрсетпеді. Дегенмен осы кешеннің тұрғындары ол әңгімені айна-қатесіз қайталап тұр. Жаға ұстататын жағдайдан соң көбі балаларын сыртқа шығармаған."Чаттан біреу секіріп кеткенін естідім. Баламмен далаға шығайын деп жатқанмын. Терезеден қарасам, мына жерде жатыр екен. Сырт жағын бәрін қоршап қойған. Баламен далаға шығуға қорықтым. Содан кейін бәрін алып кеткенін күттім", - дейді Қали Одақбай есімді тұрғын.Полиция суицидке барған В.есімді арудың жасы 23 те болғанын айтады. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалған."Алматы полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты