Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы жылу магистралін қайта жаңарту барысын тексерді.Алматы әкімдігінің мәліметіне, 2023 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан және 2024 жылдың қыркүйегінде аяқталуға тиіс екі жылдық жобаны жүзеге асыру аясында 1 838 метр құбыр ауыстырылады. Диаметрі 700 мм болатын қайта жөндеуге жататын жылу магистралі 1991 жылдан бастап пайдалануға берілді және өзінің 25 жылдық нормативтік мерзімін өтеді. Соңғы бес жылда құбырда 20-ға жуық ақау тіркелді. Магистраль Ұлықбек даңғылы мен Шаляпин көшесінің арасындағы Кіші Сайын көшесінің бойымен батыс жағында. 2023 жылы 583 метр құбыр салынды. Биыл құрылыс мамыр айынан бастап жалғасты және қазіргі уақытта жалпы жұмыс көлемінің 18%-ы орындалды.