Алматыда 27 мың оқушыға мектептерде орын тапшы

Алматыда жыл сайын мектеп оқушыларының саны 14 мыңға көбейеді. Ірі мегаполис ретінде, демографиялық өсім мен халықтың тұрақты ағымы жаңа білім беру мекемелерінің қажеттілігін туғызып отыр. Биылғы оқу жылында қалада 1 мемлекеттік және 9 жекеменшік мектеп оқушыларға есік ашты. Қалада оқушы орындарының тапшылығы- 27 мың. Осы олқылықты толтыру үшін биыл 1 мемлекеттік және 9 жекеменшік мектеп ашылды. Жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастаған балалардың қуанышында шек жоқ. Нұрәлі ОСПАН, ОҚУШЫ: Осы мектеп маған ұнап жатыр, сабақтары қызық. Жаңа көп достармен таныстым, тағы да кеңі ұнайды, даласы ойнайды. Жаңа оқу оқығаныма қуаныштымын. Бұл ықшам ауданның балалары жақын маңда мектепте орын болмағандықтан көрші елдімекенге қатынайтын. 3 аусыммен оқуға мәжбүр болды. Айжан МҰХАМЕДЖАНОВА, АТА-АНА: Бұрынғы мектепте біз 34 бала оқитынбыз бір сыныпта және үш аусымда оқыдық, менің қызым үшінші аусымда оқыды. Сағат 15:15-те сабаққа кіретінбіз. Тура бір ұйқы келетін уақыт және кеш шығатынбыз. Қиын болды балаға, уақыты өте аз болды. Осы мектеп ашылады дегенде келіп қарап жүрдім, ең қатты ұнағаны әрбір оқушы бір-бір партпда отырады екен және бір сыныпта 25 баладан. Мақпал ОШАҚБАЕВА, АТА-АНА:  198-ші мектепке бергенбіз ол жақтан алыс болды, таксимен ары-бері кішкене қиындау болды, сондықтан биыл 211-мектеп гимназиясы ашылғаннан кейін осында беріп жатырмыз, өте ризамыз, осы ауданда осындай мектептің салынып жатқанына. Түрксіб ауданында ашылған мектеп-гимназия қазақ тілінде білім береді. Оқу ордасы заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Ұмсынай БЕКТҰРСЫНОВА, №211 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мектеп жалпы 1500 орынға арналған. Қазір 67 сынып ашылып, мектеп іске қосылып кетті. Балаларға барлық жағдай жасалған. Енді осы қазан айында тағы да 10 үй іске қосылады дейді. Түске дейін, 1 аусымда 1500 бала оқыса, 2 аусымда тағы да 1500, яғни 3000 орынға арналған мектеп. Кең, 3 қанатты. Ерекшелігі 3 қанатты блогта әр балалар буын-буын бойынша солай оқиды. Биыл жыл соңына дейін Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 3150 оқушыға арналған 6 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады