Алматыда 4 мыңға жуық жас 20 қысқамерзімді курс бойынша білім алды. Аталған орталықта жастардың графикалық дизайнер, SMM, мобилография, кондитер, маркетинг, call-орталық операторлары, гид және басқа да мамандықтарды игеруіне мүмкіндік бар. Жыл сайын 65 мың жас жоғары оқу орындары мен колледждерді тәмамдайды. Алайда олардың 10-12 мыңы бірден жұмыс таба алмай, NEET санатын толықтырады. Мұнымен күресу үшін қала билігі жаңа кешенді тәсілді қолдана отырып, қысқамерзімді оқыту орталығын ашты. Нәтижесінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 12 мың жас жұмысқа орналасты. Асқар АЗАМАТ, ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің орталығымыз екі бағытта жұмыс жасайды. Біріншісі – қысқамерзімді курстарды, өзекті мамандықтар бойынша оқытып, екінші бағытта біз олардың жұмысқа орналасуына көмек береміз. Бізде партнерский программалар бар. Біз теориялық білім берсек, олар практикалық білімді өздерінің компанияларында өткізеді. Қалада жастар үшін тағы бір жақсы жаңалық-комьюнити-орталығы салынып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан-Британ техникалық университетінің жаңа жатақханасында жөндеу жұмыстары жүруде. Бұл жатақхана 980 студентті төсек-орынмен қамтамасыз етеді. Оның құрылысы қараша айының соңында аяқталады деп жоспарланған. Арман ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрбір бөлмеде өзінің дәретханасы, қол жуатын орны, арнайы сабақ оқитын орны, басқа да іспен айналысатын бұрыштары болады. Сонымен қатар мына жерде актовый зал дейміз ғой, жастардың басын қосып, түрлі дәрістер, өзара бір шаралар өткізетін орындары болады. Жобалау офисын құрдық. Инвесторлардың басын қосып, оларға шұғыл түрлі консультациялар, ақпарат беру үшін біз сондай ұйымдастырып қойдық.