Алматыда Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында республикалық “Құлагер” әдеби байқауы жарияланды.Сайысты Ұлттық спорт қауымдастығы және Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесе ұйымдастыруда. Басты мақсат ұлттық рухты көтеріп, спортшыларды жігерлендіру. Байқау 7 номинация бойынша өтеді. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Сайыста әр номинацияның үздік деп танылған авторына Ұлттық спорт қауымдастығының атынан 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Мереке ҚҰЛКЕНОВ - ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Осы спорт жарысының аясында бүгін сіздердің алдарыңызда қазақстандық жазушылар мен ақындарға үлкен бәйге жарияланады. 01:57 Онда біздің ұлттық ойындарымыздың ерекшелігі, ұлтты ойындарымызға қатысты адамдардың мінез құлқы, жалпы қазақ деген халықты басқа халыққа танытатындығы жөнінде керемет жақсы шығармалар жазылады деп ойлаймын.