Алматыда 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхана құлағалы тұр

Алматыда 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхананың сапасы сын көтермейді. Ғимараттың қабырғалары жарылып, төбесі құлайын деп тұр. Алайда медициналық мекемені жөндеуге билік өкілдері асықпайды. Аталған мәселені «AMANAT» партиясының мүшелері бақылауға алды.2017 жылы пайдалануға берілген емхананың бүгінгі сиқы осы. Ғимарат шөгіп барады, қабырғалар қақырап тұр. Дәрігерлер жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап бірнеше рет хат жазған көрінеді. Бірақ нәтиже жоқ. Ләззат ЖҰМАДІЛОВА, АЛМАТЫ қ. № 7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қорқыныш бар. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша см төмендегенін. Пациенттер де сыртыннан көріп, кіруге де қорқады. Әр сотрудник осы подвалға кіріп, киініп-шешінеді. Дәрі-дәрмек тұр. Өзіміздің қызметкерлер бар ремонт жасайтын аурухананың күшімен. Емханада 200 маман қызмет етеді. Тәулігіне 400-ге жуық науқас қабылдайды. Олардың бәрінің өміріне қауіп төніп тұр. Аурухана қызметкерлері өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оған 4 жарым жыл ішінде миллион теңге жұмсалған көрінеді. Манас РАМАЗАНОВ, АЛМАТЫ қ. №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: ДЧС-ке де хабарластық. Институт сейсмологииға да хабарластық. Қағаздарына қарасақ, еш қауіп жоқ, пайдалана беруге болады дейді. Бірақ жыл сайын көріп отырмыз, ғимарат отырып жатыр. 5 жылдың ішінде 10 шақты см ге отырған шығар. «AMANAT» партиясының мүшелері бұл жағдайды бақылауға алды. Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКС- ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Емхана, ауруханалар, мектептер кем дегенде 10-15 жыл ремонтсыз тұру керек. 4 жылдың ішінде қайтадан жөндеу керек болып тұр. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Партия тарабынан осы мәселені көтеріп, аяғына дейін жеткіземіз. Ал емхана қызметкерлері әрі қарай да жандарын шүберекке түйіп жұмыс істеуге мәжбүр. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды
Қазақстанда қыста мопед айдауға бола ма?
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр