Бүгін Алматыда мектептердің бірінде 7 бала бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті. Таңғы сағат 10-ның шамасында 9 сынып оқушысы үзіліс уақытында бұрыш баллонын шашқан. Оқиға мектеп дәретханасында орын алған.Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ қарасты полиция бөлімі оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады. Сонымен қатар, материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына үш бала жатқызылды. Барлығының жағдайы орташа қалыпты. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.