Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жүк көлігі бірнеше көлікті соқты

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында жүк көлігі қатты жылдамдықпен бірнеше көлікті соқты. Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге шықты. «Әл-Фарабидің бойында ірі жол апаты, көлік қозғалысын баяулатты, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген видеодағы жазбада. Куәгерлердің айтуынша, жиектастарды тиеген жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Алматы полициясы аталған жол апатына қатысты түсінік берді. «Сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Ары қарай жүк көлігі жолдың жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті», - делінеді қалалық полиция департаменітнің хабарламасында. Еске салайық, Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталған еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты