Көлік қызметкерлеріне күніне орай «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы теміржолшылардың құттықтап, құрмет көрсетті. Іс-шара Түрксіб ауданында локомотив депо мекемесінде өтті. Мейрамхан ЫСҚАҚОВ, АЛМАТЫ ПАЙДАЛАНУ ЛОКОМОТИВ ДЕПОСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Теміржол саласы біздің өмірімізге ғана емес, жалпы Қазақстанға да қосып отырған, оны біз айтпасақ та белгілі. Экономиканың дамуына, үлкен өндірісті де барлығын байланыстыратын үлкен сала деп айтсақ болады. 2010 жылы осы Алматы пайдалану локоматив депосына машинистің көмекшісі болып бастағанбыз. Содан бері осы темір жолымызға еңбек етіп келеміз. Жол қозғалысының түп тамыры теміржол саласының бүгінде қоғам өмірі үшін маңызы зор. қызметін қалтқысыз атқарып жүрген мамандар «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Серікболсын САРЫБАЙ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Түрлі ынталандыру шаралары өтіп тұрады. Біз айтамыз теміржол саласы көлік жол қозғалысының тамыры, яғни осы саланың маңыздылығын қоғамға көрсету, маңыздылығын насихаттау, қоғам үшін, бәріміз үшін керек нәрсе.