Алматыда ардагерлер аллеясы ашылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Жангелдин атындағы скверде ардагерлер аллеясы ашылды.Алматы әкімдігінің мәліметінше, шараға соғыс, тыл ардагерлері мен зейнеткерлер қатысты. 100-ге жуық жапырақты қарағаш көшеті отырғызылды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастарды патриотизмге тәрбиелеп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. «Кез келген мемлекеттің әл-ауқаты қарттар мен балаларға деген көзқараспен өлшенеді. Сондықтан бүгінгі іс-шара, әсіресе Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында өте маңызды деп санаймын. Алматыда 43 соғыс ардагері, ал еңбек майданына қатысушылар да көп емес. Біздің Жетісу ауданында бір ардагер Илья Кудин Григорьевич тұрады. Мен оның бүгін осы мерекеге қосылғанына өте қуаныштымын және ризамын. Сондай-ақ, қала әкімдігіне алғысымды білдіргім келеді. Аллеяның ашылуы ұрпақтардың бірігуіне және патриоттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді деп санаймын», - деді Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тамара Шәкірова.Зейнеткер Құлшара Сиенова да Ардагерлер аллеясының ашылуы туралы өз эмоциясымен бөлісті. «Мен Отанымызға қызмет еткендерге дән ризамын. Біздің қоғамның олардың ерлігін құрметтеп, есте сақтағанын көру мен үшін мақтаныш. Бұл аллея әрбір адам тоқтап, ойланып, маңызды сабақтар мен құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізе алатын орынға айналады деп сенемін», - деді Құлшара Сиенова.Бүгінде қалада 43 соғыс ардагері тұрады. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ардагерлерге біржолғы әлеуметтік көмекті 1 млн теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді қала мәслихаты қолдады. 2024 жылы ардагерлер 2 млн теңге көлемінде біржолғы көмек алады. Сонымен қатар Алматы дәрігерлері Отан қорғаушылар күні айлығы аясында майдангерлер үшін Check-up өткізеді. Осы науқанды өткізу үшін әрбір емхана ардагерлерге бару кестесін әзірледі.Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қоғамдық қабылдау ба­ры­сында тұрмыстық жағдайы төмен азаматтардың да өті­ніші тыңдалды
8 наурызды тойлау дұрыс па, бұрыс па?
Карло Анчелотти неге матч кезінде сағыз шайнайды?
Алматыда қазақ тіліндегі алғашқы жасанды интеллект кітабы таныстырылады
ТІРШІЛІК НӘРІНІҢ САҚШЫЛАРЫ
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ең үздік құттықтау тілектер, өлең-жырлар
Теміржол саласында 1,6 мыңнан астам әйел еңбек етеді
Оқушы қызға тиісіп, үйленбек болған. Мектеп мұғалімі 5 күнге ғана қамалды
"Көп дүниені иемденген". Арғын Нығматулиннің қанша жылға сотталатыны белгілі болды
"Қазақстан Президентіне алғыс айтамын". Әуежай қызметкерін құтқарған азамат марапатталды
"Қазақ анасы, ұлттық киіміңді дәріпте!". Аналықды даналық есебінде дәріптеген көрме өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады
8 наурызда болған әлемдік оқиғалар
«Астана» баскетбол клубы өз алаңында оңбай ұтылды
Мәулен Әшімбаев: Бұл – мейірімділік пен сұлулықтың мерекесі
Әйелдер мерекесі әлемнің 30-ға жуық елінде ресми мереке ретінде белгіленген
Әлем кубогы: спорттық гимнастикадан Дмитрий Патанин күміс жүлдеге ие болды
Түркістанда терроризмді насихаттағандар сотталды
Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем кубогында екінші "күміс" еншіледі
Дмитрий Потанин әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Ер адам өз әкесін абайсызда атып тастады
Қазақстандықтардың депозиттерінде қанша ақша бар
Жамбылда 10 жастағы баланы ит талап тастады
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды