Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі шамадан 2,6 есеге артқан

Алматыда ауа жоқ. Қала көк түтіннің құрсауында қалған. Ауадағы адам денсаулығына зиян азот диоксидінің деңгейі шамадан 2,6 есеге артық дейді мамандар. Тұрғындар экологиялық ахуалға алаңдаулы. Тақырыпты әріптесім Әйкерім Пернебек тарқатады.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Табиғаты сұлулыққа тұнып тұрған Алматы шаһарының қазіргі күйі осындай. Соңғы жылдары қала түтінге тұншығып тұр. Өздеріңіз көріп тұрғандай қазір де аспанды сұр бұлт жапқан. Мегаполистің миллионнан астам тұрғыны атмосфераның ластануынан тыныс алу қиын екенін айтады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Тау жақтан түскенде бізде кәдімгідей ауаның ластануы білінеді. Автокөліктің көптігінен деп ойлаймын и зауыттардың болуы содан. - Балаларға зиян, конечно, балаларды далаға шығармауға стараемся. Ауа таза емес, экология ужас. - Ауа райы өте лас. Мына қараш, қазір смог. Қазір не масқара болып кетті, қысқарту керек машинаны. - Осындай лас ауада өмір сүреміз. Ең басты бізде ауа ғой, ауадан көптеген аурулар таралады. Мамандардың айтуынша, мегаполистегі ауаның ластануына бірінші кезекте – жылу-электр орталығынан үздіксіз бөлінетін зиянды қалдықтар себеп. Оған қоса автокөліктер санының көбеюі де әсер етуде. Алина ЫСМАҒҰЛОВА, «КАЗГИДРОМЕТ» РММ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Казгидромет Алматыдағы ауаның ластану деңгейі жоғары екенін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Негізгі ластану РМ-2,5 және РМ-10, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксидінің тоқтатылған бөлшектеріне байланысты. Қазір Алматыда 555 мыңнан астам көлік тіркелген. Сондай-ақ, күн сайын қалаға 230 мыңнан астам автомобиль кіріп-шығады. Әрбір 5-ші көліктен шығатын зиянды қалдық мөлшері нормадан асып түседі. Ляйла МҰХАМЕДРАХЫМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мониторинг бойынша жұмыстар жүргізілді. Жалпы алғанда, есептік тұрғыдан алған кезде 55% автокөліктерге шығып тұр шығарындылардың, 9% жеке үйлерге қалған 36% стационарлық көздерге шығып тұр. Диоксид азоты бойынша ең көп шығарындылар автокөліктерге түсіп тұр. Қазір қалада ЖЭО мен жеке тұрғын үйлерді газға көшіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл – мәселені реттеудің бір жолы. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді