Алматы полициясы 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған адамды ұстады.13 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалған құжаттармен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды.Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған."Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", делінген Ішкі істер министрігінің хабарламасында.