Алматыда бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт пышақпен шабуыл жасаған. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 21 сәуір кешкі сағат 19:30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен «Жигули» көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабар түскен. Олардың жолға таласқаны белгілі болды. «Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелді. Жеңіл көлік жүргізушісінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.