Алматыда әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Куәгердің айтуынша, оқиға "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Сонымен қатар, оқиға куәгерлерінің сөзінше, ол 22 жаста.Бұл оқиғаға қатысты Полиция департаменті өкілі пікір білдірді."Бұл дерек бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі соталды тергеуді бастады. Мән-жайы анықталады", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.