Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта денесі табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі.Сот санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді ер адам тұтқындалды."Күдікті жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сараптамалар тағайындады", - делінген ведомство хабарламасында.ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтыны хабарланды. Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқықбұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.