Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен күдікті ұсталды. Алпысты алқымдаған кісінің, жәбірленушімен танысқанына да көп болмаған. Жан түршігерлік қылмыс 12-ші сәуірде тіркелді. Күдікті базар ішін 3-4 қайтара айналып, бас салынған дорбаны шұжық сататын дүкенге тастап кеткен. Ал марқұм әйелдің денесі сағат таңғы 9-шамасында базардың маңындағы қараусыз ғимаратта табылды.Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Сот санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы ПД тергеу басқармасымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен тергеліп жатқан іс аясында сараптамалар тағайындалды.