Алматыда Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздер басталды

Алматыда Әзербайжан мен Армения келіссөздері басталды. Қазір Қазақстан екіжақты достық көпірі іспетті. Кездесу Қазақстанның бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Баку мен Ереванға жасаған сапарларынан кейін ұйымдастырылды. Тараптар келіссөздер Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілік орнатуға ықпал ететініне үміт білдірді. Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуінің Алматыдағы Достық үйінде өтуі кездейсоқ емес. Дәл осы залда 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылды. Ол КСРО ыдырағаннан кейін пайда болған жаңа мемлекеттер арасындағы шекараларды бекіткен болатын. Бүгінгі кездесу Қазақстанның ұйымдастыруымен өтуде. Айта кету керек бұл басқосуда Қазақстан армян-әзербайжан қақтығысында арағайындық танытпайды. Мұрат НҰРТІЛЕУ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бүгінгі келіссөздерді Алматыда өткізу туралы ұсыныс жасағаны өте ұтымды шешім болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Әзербайжан мен Армения басшылығына біздің бастамамызды қолдағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақстандық тарап алдағы кездесу екіжақты келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп есептейді. Екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздер үшін берілген алаң үшін алғыс білдірді. Делегациялардың мұндай соңғы кездесуі екі ай бұрын Берлинде өткен болатын. Содан бері тараптар арасында бітімгершілік келісімінің жобасы бойынша түсініктемелер алмасу, сондай-ақ жекелеген құжаттар алмасу болды, - деп атап өтті Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі. Джейхун БАЙРАМОВ, ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: Маңызды элемент, соңғы келіссөздерден кейінгі маңызды кезең Армения-Әзербайжан мемлекеттік шекарасының белгілі бір учаскесін делимитациялау процесінің басталуын белгілеген хаттамаға қол қою фактісі болып табылады. Қуантарлық жайт, осы хаттаманың ережелеріне сәйкес жұмыс топтары белгіленген мерзімде және шеңберде жұмыстарды жүргізеді, қысқа мерзімде үлкен көлемдегі жұмыстар аяқталды, тиісті учаскелерді минадан тазарту жұмыстары жүргізілді. бірлескен күш-жігермен мемлекеттік шекара жүргізіліп, географиялық координаттар нақтыланды. Екі мемлекет арасындағы делимитация процесі осы саяси құжат негізінде жүруі керек, деп атап өтті Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Арарат Мирзоян. Сонымен бірге, ол Арменияның бейбіт келісімге келуін көздеп отыр. Арарат МИРЗОЯН, АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: Біз келіссөздер процесіне өте сындарлы түрде қатысып жатырмыз. Оның үстіне біз бейбіт келісімге қол қоюмен шектеліп қалмауымыз керек деп ойлаймыз. Барлық көлік инфрақұрылымдары аумағы арқылы өтетін елдердің егемендігінде қалатынын түсініп, біз одан да әрі қарай жүре аламыз, аймақтағы көлік коммуникацияларын бұғаттай аламыз. Қазақстандық сарапшылар сабырлы, қолайлы жағдайда тараптар бір-бірін түсініп, бәлкім, бір келісімге келетініне сенімді. Ал Алматыдағы Достық үйі Оңтүстік Кавказда берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға ықпал етеді дейді. Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Алматыда осындай Қазақстан үшін біреу түркі интеграциясы бойынша одақстасы, біреуі Евразиялық одақ бойынша одақтасы Арменияның екеуінің татуластырып, өз алаңын беріп жатқаны қуантады. Бұл Қазақстан үшін үлкен халықаралық алаңда үлкен бедел жинауы мүмкін. Бұл кездесулер ары қарай жалғасын тауып, жалпы мына түркі әлемі мен Арменияны жалғастырып, Каспий арқылы коммуникациялық жолдарды, Зангезур коридоры бар, Қазақстанның көлік логистикалық жобаларын дамытуға септігі тиеді деп ойлаймыз. Кездесу рәсімінен кейін Әзербайжан мен Армения делегациялары екіжақты форматтағы келіссөздер жүргізуде. Онда нақты қандай шешімдер қабылданғаны алдағы уақытта белгілі болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Антикор тағы бір клубты қылқындырды
ММА турнирінде кезінде жаппай төбелес болды
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды