Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.17 ақпан күні сағат 10:40-та өрт сөндірушілер Жетісу ауданындағы Көкмайса-27 ықшамауданында өрт шықаны жайлы хабарлама келген. Өртті сөндіруге 92 маман мен 25 техника жұмылдырылған. Ашық жалынмен қойманың шатыры өртеніп жатты. Жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары тартылды. Жағдай қала бойынша бейнебақылау камераларының және түтін мен өртті анықтаудың көмегімен төтенше жағдайлар бақылауында. Жедел штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру аймағы құрылды. Жеке көліктер кедергі жасап жатыр, өзара әрекеттесу қызметтері нысанды токтан ажыратты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан газ баллонын эвакуациялады, – дейді Алматы қалалық ТЖД.