Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

20 желтоқсанда Абай алаңында биіктігі 20 метр болатын бас шыршаның шамы жағылды. Салтанатты шараға Аяз ата мен Ақшақар қатысты.Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Күні кеше Алматыда жүздеген жарық конструкциясы, жарқыраған гирлянда, жарық иллюминацияларымен безендірілген бас шырша орнатылған, ал бүгін, 20 желтоқсанда оның шамы жағылды.Бас шыршаның шамын алматылықтармен бірге Аяз ата мен Ақшақар жақты, ал мультфильм кейіпкерлері мен эстрада жұлдыздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жаңа жыл алдындағы мерекелік шарада отандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, "Жігіттер", "Кешью", "Ринго", "Шамис" және т. б. топтар өнер көрсетті.Жаңажылдық шыршалар әр ауданның негізгі алаңдарында орнатылған: Алмалы ауданы – "Астана" алаңы, Абай атындағы ҚазҰТЗУ алдындағы алаң, Алатау ауданы – "Алматы Арена" мұз айдыны алдындағы алаң, Әуезов ауданы-Н. Сац атындағы жасөспірімдер театры алдындағы алаң, Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Жетісу ауданы – Серіков көшесі, 2а, Медеу ауданы – "Халық арена" МС алдындағы алаң, "Медеу" биік таулы спорт кешені, Түрксіб ауданы – Сейфуллин даңғылы бойындағы №6 оқушылар үйі, Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347. Сондай -ақ қаланың қоғамдық кеңістігі, жаяу жүргіншілер көшелері-Панфилов, Жібек жолы, магистральдық көшелер: Сәтбаев көшесі, Төле би көшесі, Майлин көшесі, Назарбаев даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Абылай хан даңғылы және т. б. жарық композицияларының бірыңғай стилінде безендірілген.31 желтоқсанда - Жаңа жыл қарсаңында "Астана" алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізу жоспарланып отыр, оның соңы мерекелік отшашуға ұласады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: 93 жасында сабақ берген кейуана көпшілікті тәнті етті
Қызылордада коммуналдық қызметкерлер еріген қар суын шелекпен тасып жүр (ВИДЕО)
«Қазақстан тарихына енді». Черчесов 2025 жылдың басты оқиғаларының біріне айналады
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты
Алматы музейлері өткен жылы 85 млн теңге табыс тапты
Полиция көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері екі есе артады