Алматыда белгілі қоғам қайраткер Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойы аталып өтілді

Биыл қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы- қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов -80 жаста. Осыған орай Алматыда «Өткірдің жүзі» атты кездесу кеші өтті.Заңғар жазушы, қазаққа «Абай жолын» сыйлаған Мұхтар Әуезов өзі ғана емес, ұл-қызын да ұлтқа қызмет етуге тәрбиеледі. Қаламгердің ұлы Мұрат Әуезов мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде танылды. Ол Қазақстанның және халқымыздың рухани мәдениетін дамытуға, Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени құндылықтарын зерделеу мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана төрінде өткен шарада тектінің тұяғы, ел үшін аянбай еңбек еткен азамат- Мұрат Мұхтарұлына құрмет-қошемет көрсетілді. Мәдениет және Спорт Министрі Асхат Оралов қонақ боп қатысып, өзінің жылы лебізін білдірді. Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Енді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі ретінде күні кеше ғана ант қабылдадық. Бүгін бірінші ресми шараға қатысып отырмын. Енді қазақшылыққа сәйкес абыз ақсақалдарымыз бар, зиялы қауым өкілдері бар, алдарынан өтіп, баталарын алып жұмысқа кірісейін деп едік негізі. Сол ниетпен осында “қара шаңыраққа” келіп, ақсақалдарымыздың батасын алып, біраз ұсыныстарын тыңдап, енді Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдық мерей тойына қатысуды жөн көрдік. Шара барысында "Өткірдің жүзі" атты көрме ұйымдастырылды. Ол жерде Әуезов әулетіне қатысты 1962 жылдан бастап жиналған 2000-ға жуық туынды көпшілік назарына ұсынылды. Мұрат Әуезов "Абай мен Әуезов әлемін бір-бірінен бөлуге болмайды" дейді. Мұрат ӘУЕЗОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ: Заман өзгеріп жатыр қазір, Абайды тереңдетуіміз керек. Абайды түсіне алмайсың. Абайды зар замансыз түсіне алмайсың. Жалпы көшпенділердің өркениеті қалай басталды, қандай ұлы дүниелерге жетті. Бірақ сол қандай трагедия 20 ғасырда ұшыраған, оны еске алмаса Абайды еш уақытта түсіне алмаймыз. Мұрат Әуезов - тектінің ұрпағы. Бойындағы салиқалылық, салмақтылық қанмен келген. Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ: Мен Мұратты жастайынан танимын. Өте кішкентай кезінен бері. Мен оның анасы Фатима апайды білетін едім. Менің де анамның аты Фатима. Өте жақсы, мейірімді кісі еді. Ағалары да менің есімде Болат Жансүгіров, Ғабитов, Азат Сулеев. Осының бәрін, достықты көріп мен де тәрбие алып өстім. Бүгін халықтың бетке ұстар тұлғалары мен көрнекті қоғам қайраткерлері жазушыны құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Қаламгердің жастық шағын еске түсіріп, ел дамуына қосқан үлесі туралы айтты. Смағұл ЕЛУБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Арамызда Мұрат Мұхтарұлы, Олжас Омарұлы. Халықты ұлт жасаған тұлғалалар отыр. (Қол шапалақ). Демек біз тұлғаның рөлін өте жоғары бағалауымыз керек екен. Халық сондай тұлғасыз ұлт болып дами алмайды екен ағайындар. Оған біз куә болып келе жатырмыз. Мұрат Мұхтарұлына бүкіл Қазақстан бас иіп отыр деп ойлаймын, сол халықтан ұлтты жасаған санаулы тұлғалардың бірі болды ағайындар. Мұрат Әуезов еліміздің ғылымын, көркем әдебиетін, кино өнері мен телевизиясын дамытуға елеулі үлес қосты. Оның алпысыншы жылдары Совет Одағының астанасы Мәс¬¬кеуде оқып жүргенде «Жас тұл¬пар» ұйымын ұйымдас¬тыру¬шылардың бірі болғаны да жұрт¬шылыққа жақсы таныс. Ол жастарға туған жерді шексіз сүйіп қана қоймай, тарихты түпкі тамырынан танып-білу керек дейді. Ә. Пернебек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?