Алматы қаласы өнеркәсіп өндірісі бойынша елімізде көш бастап тұр. Биыл 8 айда мегаполисте 1,3 триллион теңгеге өнім алынды. Көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Еліміздің бірнеше қаласында отандық өнеркәсіптің беделін арттырып, шетелдік нарыққа танымал ету үшін «Отандық өндіріс» медиа-жобасы жүзеге асырылуда. Алматыдағы «Казлегпром-Алматы» фабрикасы тігін және аяқ киім саласында 12 жыл жұмыс істеп, жоғары технологиялық ірі зауытқа айналған. Өндірістік қуаты жылына 1,5 млн. дейін түрлі бұйым мен 500 мың жұп аяқ киім шығаруға жетеді. Олжас ЗИЯХАНОВ, “КАЗЛЕГПРОМ-АЛМАТЫ” ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Бұл жерде 700-ден астам адам жұмыс істейді. Үш қабат киім өндірісімен, 2 қабат аяқ-киім өндірісімен айналысады. Орташа жалақы бұл жерде 200-250 мың теңге. Дәл қазір біз қарулы күштеріміз бар, МВД, қауіпсіздік комитетінің киімдерін тігумен айласып жатырмыз. Бізде аяқ-киім өндірісі де бар. Көрдіңіздер былғарыны Алматы Таннери деген фирмадан аламыз, осы Қазақстанда жасалған. Ал ҚазСПО-N мектеп формасы, арнайы бөлімшелерге жұмыс киімі және спортшыларға табиғи матадан киімдер тігеді. Кәсіпорын тұрақты түрде халқаралық көрмелерге қатысып, Ресейге өнім экспорттайды. Алматыда биыл жеңіл өнеркәсіптің жалпы көрсеткіші -9,9 миллиард теңге. Әбілхайыр АЙМҰХАМБЕТ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Барлық 8 ауданда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші ұлғайды. Өсім Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы Алматы индустриялы аймағының дамуымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары Алматы қаласында автомобиль кластері жақсы дамуда 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің 70% машина жасау саласымен тығыз байланысты. Жеңіл өнеркәсіппен айлысатын кәсіпорындарда маман тапшы. Мекеме басшылары жастарды тігіншілікті игеруге шақырады. Олар болашақ шеберлерді өздері оқытып, кейіннен жұмыспен қамтуға дайынбыз дейді.