Алматыда бірінші рет паралимпиадашы жасөспірімдер мен ересектер арасында боччадан жарыс өтті

Алматыда бірінші рет паралимпиадашы жасөспірімдер мен ересектер арасында боччадан жарыс өтті. Бұл спорт түрінде тірек-қимылы зақымдалған жандардың оңалып кету мүмкіндігі жоғары. Қалалық спорт федерациясы ұйымдастырған сайыста 34 спортшы бақ сынады. Бочча – Еуропада кең таралған ойынның бір түрі. Қазақстанға енді келіп жатыр. Ойнау ережесі біздің асық ату ойынына ұқсайды. Мұнымен айналысқан тірек-қимылы зақымдалған жанның уақыты қызықты өтіп, денсаулығы да нығая түседі дейді мамандар. Зауре ИТЕНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар, коляскада отырған балалардың арасында осы спорт түрінен қазір іріктеу жарыстары өтіп жатыр. Бұл іріктеуден өткен балалар жазда Астанада болатын чемпионат республики Казахстан и Детские паралимпийские игры – 2024 соған қатысатын болады. 17 жасар Эльдар Гребневтің боччамен айналысқанына жарты жыл. Аз уақыттың ішінде жаңа достар тауып, ойынға әбден бауыр басқан. Ол бүгінгі сайысқа екі ай бойы дайындалыпты. Эльдар ГРЕБНЕВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Бұл ойын түрі өте қызықты. Ойнаған адамның логикалық ойлау жүйесін дамытады. Ойын барысында дәлдеп көздеу арқылы мергендік қабілетті шыңдайды. Және жаңа адамдармен танысып, қоғаммен байланысымызды дамытып жатыр. Бұл қала біріншілігінде іріктелген жасөспірімдер маусымда Астанада өтетін Паралимпиадалық балалар ойындары фестиваліне қатысады. Ал үздік деп танылған он жеті ересек қатысушы республикалық чемпонатқа жолдама алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты