Алматыда бүтін бір ықшам ауданның тұрғындары жарыққа жарымай отыр

Алматыда Боралдай ықшам ауданының тұрғындарын бірнеше жылдан бері жиі өшетін жарық әбден қажытқан. Бірнеше сағаттап, кейде тіпті 3 күн қатарынан электр энергиясынсыз отырамыз дейді олар. Мәселені айтып, бармаған жері жоқ. Тілшіміз Әйкерім Пернебек толығырақ айтады. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Жел тұрып, жауын жаумақ түгілі қарапайым күндері бұл ықшам аудан жарықсыз, сусыз отырады. Мына трансформатор электр энергиясымен қамту керек. Бірақ әбден тозығы жеткен. 350 отбасының күні осыған қарап тұр. Әлия БОСТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  Жарық өшсе бізде связь жоқ. Өткенде менің өз басымнан өткен жағдай, міне қолымда немерем прям қолымда өліп қала жаздады, көршілердің арқасында скорый шақырылып, келді. Өйткені звондай алмаймыз скорыйға. Тұрмыс тіршілік жарықпен тікелей байланысты. Байланыс үзіледі, су өшеді. Айнала қараңғы болған соң, соңғы кезде ұрлық-қарлық көбейген. Жарылқасын КИЛІБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Свет қайта-қайта өшкеннің салдарынан, осы біреу айтып отырады ма, біздің үйге екі рет ұры түсті. Кәдімгі сырттағы решотканы кесіп алып, асықпай ішіне кіріп ішіндегі асыл, қымбат заттарды ұрлап алып кетіп, үйді аралап, тонап кетті. Мұны айтып құзырлыларға барсақ, Іле және Алатау аудандары әкімдігіндегілер бір-біріне сілтейді”-дейді тұрғындар. Елдімекен 2015 жылы қала аумағына енгізілсе де, біраз мәселе әлі шешімін таппай тұр. Гүлназ ҚОЖАХМЕТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Былтыр мектепке келіп тұрып әкім уәдесін беріп кеткен, жасаймыз, канализация бәрін аламыз деп, оның бәрі міне бос уәде ауада қалды. Біздің суымыз екі жаққа бөлініп тұр. Біз қалада тұрып мынандай қараңғылықта өмір сүріп келу деген сұмдық жағдай. Әкімдік су мен жол мәселесі 2025 жылы толық шешілетінін айтты. Ал электр жүйесін қала меншігіне ауыстыру үшін тиісті құжаттарды дайындап, хат жібереміз деп уәде берді. Ертіс БЕСІРОВ, АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Аудан әкімшілігі тарапынан АЖК Акционерлік қоғамының басшылығына хат жібереміз. Ауданға РЭС4-ке ма или тағы бір аудандық тораптау қызметін құрып соған көшіреді ме. Заңға сәйкес запрос жіберілгеннен кейін, олардың ответін тосамыз ғой. 15 күннің ішінде бізге жауабын беру керек. Жарық - адам өмірі үшін ең маңызды ресурс. Қуат көзінсіз күнделікті өмірді елестету қиын. Мемлекет басшысы өзінің жолдауында бұл мәселені назардан тыс қалдырмады. Президент жауаптыларға отандық электр энергиясы саласын жаңартуды тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-да екі адам шошқа тұмауын жұқтырған
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Түкіру, мұғалімді балағаттау. 1 қаңтардан бастап айыппұл қанша теңгеге өседі?
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды