Алматыда “Central Asia Fashion“ Халықаралық сән көрмесі ашылды

Мәскеу сараптама орталығы Алматыдағы Center Asia Fashion көрмесінде 15 ресейлік брендтің өнімдерін ұсынды. Аталған Халықаралық сән көрмесі биыл шаһарда 33 -ші рет ұйымдастырылып отыр. Central Asia fashion көрмесі 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған жыл сайын әлемнің 16 елінен 200-ге жуық бренд өкілі қатысады. Ал биылғы көктемгі маусым тіпті ерекше. Виктория БАКАНОВА,    МӘСКЕУ ҮКІМЕТІ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ Біздің орталықтың бастамасымен Қазақстанға алғаш рет келдік. “Central Asia Fashion “ де бірінші рет қатысып отырмыз. Әрине Қазақстан біз үшін жаңа нарық емес, алайда осы жылы біз өзгешелік танытып мәскеулік өндірушілерді алып келдік. Олар киім, аяқ киім, сөмке, түрлі әшекей-бұйымдарды шығарады.«MASLOV – бұл Ресейлік киім бренді. Сән нарығында жүргеніне 13 жыл. Таза,сапалы былғары мен аң терісінен түрлі киім-кешектерді тігеді. Негізін қалаған – Вячеслав Маслов. Өз ісінің кәсіби маманы. Қазақстан теріні ерекше бағалайтын мемлекет болғандықтан, шақырту алғанда бірден келістім, дейді. Вячеслав МАСЛОВ «MASLOV» БРЕНДІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:Мұнда алғаш келуіміз. Қазақстан нарығында өзімізді көргіміз келеді. Әзірге барлығы ұнап жатыр. Біздің брендке қызығушылық танытып жатқандар көп. Бұл бізді де қуантады. Себебі, біз ең алдымен жоғары сапаны ұсынамыз. Тек Отандық өнімдерді қолдануға тырысамыз. Барлығы сәтті болса Қазақстанмен серіктес болғымыз келеді.«AKHMADULLINA DREAMS» . Аты айтып тұрғандай – ақ, нәзік жандылардың арманын орындаушы бренд. Негізін қалаған дизайнердің де мақсаты- сол. Сапалы әрі қолжетімді бағада тауар ұсыну. Сән үйінің негізі 2017 жылы қаланған. Қазақстанның бірнеше қаласында дүкендері бар.Лилия БРИТИНА «AKHMADULLINA DREAMS» КӨТЕРМЕ САУДА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:Біздің бренд ою- өрнегімен ерекшеленеді. Себебі бізде барлығы- қолөнер. Сондықтан мүмкін қазақстандықтар ерекше бағалап жатқан шығар. Одан бөлек біздің өнімдердің бағасы қол жетімді. Кез келген әйел сатып ала алады. Жалпы біздің мақсатымыз Қазақстан нарығына кеңінен таралу. Жаңа серіктестік орнату. Мұндай мүмкіндік сыйлап отырған Мәскеу сарапта орталығына ерекше алғысымды білдіремін.Алматыда 33- ші рет ұйымдастырылған “Central Asia Fashion“ Халықаралық сән көрмесі 3 күнге созылады. Кіру - тегін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Неймардың табысы белгілі болды
UFC чемпионы Белал Мухаммад карьерасына қатысты мәлімдеме жасады
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды