Алматылық дәрігерлер 27 жастағы жігіттің бауырынан эхинококк дернәсілдеріне толы ісікті алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасының хирургтары жас жігіттің бауырынан алып паразит ісікті алып тастап, өмірін сақтап қалды. Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу облысынан келген 27 жастағы жігіттің бауырының сол жақ бөлігінен үлкен ісік анықталған. Қосымша тексерулерден өткеннен кейін оның диаметрі 15 сантиметр болатын үлкен 2 кг эхинококк кистасы екені анықталыпты. Науқастың анасының айтуынша, ісік биылғы тамызда хирургтың кеңесіне жүгінген кезде ғана табылған. Қуанышқа орай, операция сәтті өтті. Науқас біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады.