Алматыда дәрігерлер алғаш рет ауыр операция жасап, ана мен баланы аман алып қалды

Алматыда дәрігерлер баласы жатырға қабыса біткен әйелге күрделі ота жасады. Мұндай операцияны бұған дейін тек мәскеулік хирургтер ғана жасай алған. Мұндай ауыр жағдай кезінде әдетте дәрігерлер жатырды алып тастаумен ғана шектеліп келген екен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.№2 қалалық перинаталды орталыққа баланың жолдасы жатыр қабырғасына жабыса біткен жүкті әйел түскен. Сирек кездесетін қалыптан тыс жағдайды жүктілікті бақылаған емхана дәрігерлері анықтаған. "Пациент бұған дейін 2013 жылы босанған. Ал 2017 жылы екінші баласын кесарь тілігімен дүниеге әкелген. Клиника дәрігерлері ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін кешенді клиникалық-зерттеу жүргізіп, емнің ең тиімді деген әдісін таңдап алды. Себебі жатырға қағанақтың жабыса бітуі және бұрынғы отадан қалған тыртық салдарынан кәдімгі кесарь тілігін жасау қауіпті еді. Көп жағдайда операция кезінде қан кетіп, әйелдің жатырын алып тастауға тура келетін",- дейді мамандар. Консилиум нәтижесінде дәрігерлер әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалуға күш салмаққа бел буды. «Жатырдың түбіне кесарь тілігі арқылы метропластика деп аталатын ота жасап, О`Leary әдісі бойынша жатырдағы қан тамырларын байлау туралы шешім қабылданды. Содан соң компрессионды тігіс әдісі қолданылды. Бұрын мәскеулік дәрігерлер қолданып жүрген әдіс тұңғыш рет Алматыда да жасалды», - деді бас дәрігердің орынбасары Қымбат Әбрайымова. Жоғары технологиялы операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Нәтижесінде салмағы 2730 грамм болатын қыз бала дүниеге аман-сау келген. Әдетте баланың жолдасы әйел босанғаннан кейін өздігінен түседі. Ал қағанақ жатырға жабыса біткен жағдайда қолданылатын механикалық тәсіл салдарынан қан кетеді. Осының алдын алу мақсатында жатырдағы қан тамырлары байланды. Соның нәтижесінде мамандар жатырдың қағанақ біткен жерін алып тастап, аналық органды қалпына келтіру мақсатында астыңғы бөлігіне пластика жасады. «Ота сәтті өтті. Әйелдің жатырын сақтап қалдық. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы. Олар тәулік бойы мамандардың бақылауына алынды», - деді Қымбат Әбрайымова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды