Алматыда дәрігерлер науқастан үлкен ісікті алып тастады

Алматылық гинекологтар әйелді жатырдағы үлкен ісіктен құтқарды, - деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Орталық қалалық клиникалық ауруханаға өлшемі 8 сантиметр болатын үлкен қатерсіз ісігі бар 30 жастағы әйел түскен. Дәрігерлер жатыр артериясының эмболизациясын жасау туралы шешім қабылдаған. ОҚКА гинекология бөлімінің меңгерушісі Алмат Қоңырқұлжиновтың айтуынша, миома эмболизацияланғаннан кейін көп ұзамай ол жойылып, оның орнында тек дәнекер тін қалады."Ісік мөлшеріне қарамастан, біз науқастың жасын ескере отырып, әйелдің ұрпақты болу мүшелерін сақтау үшін алып тастаудың орнына жатырдың эмболизациясын жасау туралы шешім қабылдадық. Кем дегенде 20 минутқа созылған ота тек бір пункцияны қолдана отырып, интервенциялық әдіспен жасалды және сәтті өтті. Науқас төрт күн бойы біздің бақылауымызда болды және бүгін қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды. Ісікті одан әрі бақылау үшін 3-6 айдан кейін ультрадыбыстық зерттеу тағайындалды", - дейді Алмат Қоңырқұлжинов. Жатыр артерияларының эмболизациясы қатерсіз ісікті емдеудің тиімді әдісі саналады және жатырды аман алып қалуға көмектеседі. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Білім бөліміндегі былық: Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ақша жымқырған
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты