Алматыда «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі өтті

Алматыда «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі өтті. Оған жиырмаға тарта баспадан мыңға жуық кітап қойылды. Шараны «AMANAT» партиясы мен Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және «Ассамблея жастары» бірігіп ұйымдастырды. Көрмеде Қазақстанда тұрып жатқан этностық топтардың мәдениетін, тарихын, өмірін бейнелейтін түрлі материалдар ұсынылды. Мұнда жастардың отырып кітап оқуына барынша жағдай жасалған. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының «Отырар сазы» оркестрі шараны сүйемелдеп отырды. Жиын соңында кітапсүйер қауым арасында әдеби викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға «AMANAT» партиясы атынан кітаптар табысталды. Қуаныш ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Басты мақсатымыз -көпұлтты Қазақстанның халықтар достығы, еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту. Және әр адам осы өз ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, тарихын біле отырып, өзге ұлттың да рухани байлығын сыйлау, құрметтеуге тәрбиелеу.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
«Жолы болғыш Санжар»: Екі банктің ұтысында бір адам жеңімпаз атанған (ВИДЕО)
Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)