Қарттар үйіндегі науқас белгісіз себептермен "Забота" деп аталатын мекеменің терезесінен құлап кеткен. Мекеме қызметкерлері оны дәрігерлерге көрсетудің орнына, ішке кіргізіп жатқызып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz."Забота" қарттар үйінде болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша ол кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнежазбаға қарағанда, қартты қарттар үйінің қызметкерлері орнынан тұрғызып, ішке кргізіп, төсегіне жатқызған. Кейін терезеден құлап кеткен зейнеткердің бірнеше жері көгеріп, сынғаны белгілі болды.